Бұрынғы энергетика министрі елден кетпек болғанда ұсталды

97
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/IqbeXBJFUNvnScbOcyAAgcA2J4MaDjVDIjveC2ET.webp

Украинаның бұрынғы энергетика және әділет министрі Герман Галущенко 15 ақпанға қараған түні елден кетпек болған сәтте ұсталды. Ол мемлекеттік энергетика саласындағы сыбайлас жемқорлық ісі бойынша күдікке ілінген, деп хабарлайды “Адырна”.

Бұрынғы шенеунік мемлекеттік энергетика секторындағы ауқымды заңбұзушылықтар жөнінде айыпталған. Оның ұсталғанын Ұлттық антикоррупциялық бюро растады.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, Галущенконы Мемлекеттік шекара қызметінің қызметкерлері Ұлттық антикоррупциялық бюро мен Мамандандырылған антикоррупциялық прокуратураның бағдарламасы негізінде тоқтатқан. «Украинская правда» басылымының дереккөздері экс-министрдің шекараға бағыт алған пойыздан түсірілгенін хабарлады.

Герман Галущенко бұған дейін Украина энергетика министрі қызметін атқарған, сондай-ақ Әділет министрлігін басқарған. Сыбайлас жемқорлық ісінің нақты жай-жапсары әзірге жария етілмеді.

Comments
Other materials