Арменияда саяси себептермен ешкімді Ресейге бермейтіні айтылды

169
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/ovg8pg4arZDvLHgeDoniv1N2xv6z4SI8dyi6hRVp.jpg

 

Армения парламентінің спикері Ален Симонян саяси себептермен ешбір адамның ұсталып, Ресейге жіберілмейтініне ресми кепілдік берді. Бұл туралы ол "Дождь" телеарнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды "Адырна".

«Мен сізге кепілдік беремін саяси себептермен ешбір адам ұсталып та, қандай да бір үшінші елге жіберіліп те жатпайды. Мұны ресми түрде мәлімдеймін»,  деді Симонян.

Бұған дейін Арменияда Ресей билігінің сұрауы бойынша Ресей азаматтарын ұстау жағдайлары тіркелген болатын. Симонянның айтуынша, әрбір жағдай зерттелгеннен кейін армениялық құқық қорғау органдары адамдарды босатқан.

Сонымен қатар спикер республикаға Ресейде «шетел агенті» деп танылған көптеген адам келіп, концерт қойып жүргенін жеткізді.

Армения тарапынан берілген бұл ресми мәлімдеме екі ел арасындағы соңғы оқиғаларға байланысты алаңдаушылықты азайтуды көздеп отыр.

Comments