«Хабар» телеарнасында көрсетілетін «Азамат» интеллектуалды бағдарламасының жаңа маусымына іріктеу кезеңі аяқталды. Іріктеу турнирлері 2025–2026 оқу жылы аясында еліміздің бірнеше өңірінде ұйымдастырылды.
Іріктеу Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе және Павлодар қалаларында өтті. Оған Қазақстанның әр өңірінен келген жоғары оқу орындарының студенттері қатысып, ойлау деңгейін, аргументациясын және азаматтық ұстанымын көрсетті.
Іріктеу барысында қатысушылардың ойды жүйелі жеткізуі, логикасы, сөйлеу мәдениеті, эрудициясы мен көшбасшылық әлеуеті бағаланды. Үміткерлер алдын ала белгіленген тақырыптар бойынша сөз сөйлеп, блиц-сұрақтар мен қосымша бағалау кезеңдерінен өтті.
Қорытындысы бойынша «Азамат» бағдарламасының жаңа маусымына қатысатын 32 университет анықталды. Іріктеуден өткен командалар алдағы кезеңде республикалық деңгейде өзара бақ сынайды.
Айта кетейік, «Азамат» интеллектуалды бағдарламасы алғаш рет 2000-жылдардың басында эфирге шығып, пікірсайыс мәдениетін дамытуға ықпал еткен жоба ретінде танылды. Бүгінде жоба жаңартылған форматта қайта оралып, елдегі жоғары оқу орындарының белсенді қатысуымен жалғасып келеді.
For the first time in the 2nd century. Wild horses were delivered to Kazakhstan from the Czech Republic