Алматыдағы әл-Фараби даңғылында автобус пен бес көлік жол апатына ұшырады. Жүргізушінің жүрегі тоқтап қалғаны туралы ақпарат тарады. Бұл туралы Алматы полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна”.
Алматы полиция департаментінің мәліметінше, оқиға Бостандық ауданында сағат 11:30-да тіркелген.
"BYD көлігінің 1975 жылы туған жүргізушісі әл-Фараби даңғылымен батысқа қарай келе жатып, жағдайының күрт нашарлауына байланысты сол бағытта қатар жүріп бара жатқан бес көлікке соқтығысты.
Көліктердің арасында Chevrolet, Ford, Subaru, Volkswagen және Yutong бар. Алдын ала мәліметтер бойынша, ер адам өзін нашар сезінген. Алдын ала диагноз – жүрек жеткіліксіздігі. Оның жүрегі тоқтағаны анықталды", - делінген ведомство хабарламасында.
Еске салсақ, бұған дейін Алматыда жүргізуші автобус жүргізіп келе жатып, жүрегі тоқтап қалғанын хабарладық. Жолаушылардың бірі тежегішті басып, жедел тоқтатқан. Қайғылы жағдай 25 қаңтар күні Абай даңғылы мен Саин көшесінің қиылысында болған.