Мемлекеттік кеңесші: Егемендік пен Тәуелсіздікті сақтау, нығайту – жаңа Конституцияның мызғымас қағидаты

20
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/ujnQTXnDnJ0DauiSGSVgWm1HeMEarBDmkncxWmo6.jpg

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин жаңа Конституция жобасында мемлекеттік тілге лайықты мәртебе берілгенін атап өтті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Оның сөзінше, жаңа жобада «Конституциялық құрылыс негіздері» деп аталатын 1-бөлімнің 9-бабының 1-тармағында Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі деп нақты көрсетілген.

«Бізде мемлекеттік тіл біреу. Ол – қазақ тілі. Басқа мемлекеттік тіл жоқ», — деді Ерлан Қарин.

Мемлекеттік кеңесші қазақ тілінің ел өмірінде биік тұғырда екенін атап, оның мәртебесін сақтау үшін ең алдымен мемлекеттің беріктігі мен ел бірлігін қамтамасыз ету керектігін айтты.

Жаңа Конституция жобасында сондай-ақ мемлекеттік мекемелер мен өзін-өзі басқару ұйымдарында орыс тілінің мемлекеттік тілмен қатар қолданылатыны көрсетілген.

Comments
Other materials