Қазнетте баласын аяусыз ұрып-соққан тағы бір әйелдің видеосы тарады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Оқиға Тараз қаласында болған. Әйел өзінің ұрғанымен қоймай, үлкен қызын да баланы ұруға мәжбүрлеген. Болған жайттың бәрін өзі телефонға түсіріп алған. Айтылған сөздерге қарағанда, бұл әрекет баланың әкесінен кек алу мақсатында жасалған.
Жамбыл облысының полиция департаменті кәмелетке толмағанды тәрбиелеу міндеттерін орындамау және қатыгездікпен қарау дерегі бойынша Қылмыстық кодекстің 140-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу бастаған.
«Бала дәрігерлердің қарауынан өтті, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Әйел тергеу әрекеттерін жүргізу үшін полиция бөліміне жеткізілді. Сараптамалар мен тергеу шараларының қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады», — деп мәлімдеді департамент өкілдері.
A hotel fire in Turkey claimed the lives of 76 people, and a national day of mourning has been declared