Алматының таулы аймағында жарақат алған шетелдік турист эвакуацияланды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна".
"112 пультіне Медеу ауданына қарасты Богданович мұздығы ауданында, теңіз деңгейінен шамамен 3500 метр биіктікте туристің жарақат алғаны туралы хабарлама түскен. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, 1998 жылы туған әйел басынан жарақат алып, қан кеткен. Ол өздігінен төмен түсе алмаған", - делінген ТЖМ хабарламасында.
Зардап шеккен азаматша Қытай Халық Республикасынан келген үш туристен құралған топ құрамында болған. Нақты геолокация анықталғаннан кейін құтқарушылар туристерге жетіп, зардап шеккен әйелге алғашқы медициналық көмек көрсетті. Кейін оны эвакуациялау туралы шешім қабылданды.
Related news