Теңіз кен орнында мұнай өндіру қайта жанданды

216
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/RWEhJfrCMCNe3NIOu4pi4hmkiVJMkMaT4G1ziWwK.webp

Қазақстан Республикасының энергетика министрлігі Теңіз кен орнында өндірістік операциялардың қайта басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Жедел штабтың дерегінше, 31 қаңтар күні сағат 03:35-те алғашқы ұңғыма сәтті іске қосылған. Қазіргі таңда технологиялық қондырғылар штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

Қзаір бес ұңғыма пайдалануға берілді. «Теңізшевройл» компаниясының техникалық қызметтері келесі топтық өлшеу қондырғысын іске қосуға дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр. Мұнай өндіру көлемін арттыру жүйе параметрлері тұрақтандырылып, өндірістік процестердің толық қауіпсіздігі қамтамасыз етілуіне қарай кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.

Еске салайық, бұған дейін «Теңізшевройл» ЖШС-дегі апаттан кейін пропилен өндірісінің тоқтағаны және жанып кеткен трансформаторлар жөнделіп, мұнай өндіру бір апта ішінде қалпына келтірілетіні туралы ақпарат жарияланған.

Comments