Тұрғын бір күнде алты баланың анасы атанды

119
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/pbZ9IsRQAmxLx4ogtP1em3LEH8TFEdgCZoaj63ag.webp

Қостанай облысында соңғы үш жылда алғаш рет үшем дүниеге келді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Үш ұлы бар әйел тағы үш қыз босанып, бір күнде алты баланың анасы атанды. 

31 жастағы Сымбат Шарапиева Қостанай ауданында тұрады. Денсаулық сақтау министрлігінің желідегі парақшасында оның бақытты сәтінен видео жарияланды.

“Жүктілік табиғи жолмен болды. Бұған дейін отбасыда үш ұл өсіп келе жатқан болса, бір күнде бірден үш қыз дүниеге келді. Жаңа туған сәбилердің екеуінің салмағы – 2600 грамм, біреуінікі – 2300 грамм. Барлығының бойы — 49 сантиметр”, – деп жазды ведомство.

Облыстық аурухана дәрігерлерінің айтуынша, ананың да, балалардың да жағдайы қанағаттанарлық. 

Comments