"Өкпесі ауырған". Ер адам бір жарым жылдан бері комада жатыр

212
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/jcFccQ09TLssMAkLTRvjnXkFw7k0hMyblCcF5RGW.jpg

Қызылорда қаласының 49 жастағы тұрғыны бір жарым жылдан бері комада жатыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы 31 арнаға сілтеп.

Науқастың жұбайы Қарлығаш Сақтапбергенова 2024 жылдың жазында жолдасым пневмонияға шалдығып, ауруханаға барды дейді. 

Дегенмен, ыстық бөлмеде ауа жетпей қиналған азамат бір күннен кейін "үйден ем қабылдаймын" деп дәрігерден өзі сұранып шығыпты. Бірақ, азамат таксиге мінген бойда бірнеше сәтке жүрегі соқпай, миы жұмысын тоқтатқан. Содан бері ес-түссіз күйде жатыр. Ер адамның туыстары бұл жағдай дәрігерлердің дер кезінде көмек көрсетпеуінен туындап отыр деп арыздануда.

«Дәрігерлер ішкі ағзалары жұмыс істеп тұр дейді. Бірақ жүрегі соқпаған 10–11 минуттың ішінде миы зақымданған. Бүгін оның ес-түссіз жатқанынa тура 1 жыл 7 ай болды», – дейді науқастың жұбайы Қарлығаш Сақтапбергенова.

Ал Қызылорда облыстық көпбейінді ауруханасының өкілдері науқасқа барлық қажетті медициналық көмек көрсетілгенін мәлімдеді. 

«Дәрігерлер тексергеннен кейін науқасқа пневмония диагнозы қойылды. Ол терапия бөліміне жатқызылып, пульмонолог дәрігердің бақылауында болды. Медициналық стандарттарға сәйкес барлық ем-шаралар тағайындалды», – деді аурухана бас дәрігерінің орынбасары Гүлсім Бержаппарова.

Comments