Жамбыл облысында күрес бойынша оқу-жаттығу жиындарына келген 22 жасөспірім астан уланып, ауруханаға түсті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Олар Қызылорда облысынан келген.
Алдын ала деректерге сәйкес, жасөспірімдер шығу тегі әзірге анықталмаған гастроэнтеритпен улануы мүмкін. Олар Жамбыл облысындағы демалыс аймағынан медициналық мекемеге жеткізілген.
Белгілі болғандай, балалар жаттықтырушыларымен бірге күрес бойынша оқу-жаттығу жиындарына келген. Демалыс аймағында жасы 12 мен 17 аралығындағы шамамен 100 бала орналастырылған.
Облыс әкімдігінің мәліметінше, тағамдардан және науқастардан зертханалық сынамалар алынған. Қазіргі уақытта сараптама нәтижелері күтілуде.
Related news
More than 960 millions tenge were allocated for the purchase of disaster relief equipment in the WKR