Қаскелең қаласындағы Сәтбаев атындағы мектепте 9-сынып оқушысы қайтыс болды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Қарасай ауданының білім бөлімі қайғылы жағдайдың 21 қаңтар күні таңертең болғанын мәлімдеді.
«Бірінші сабақтан кейінгі үзіліс кезінде 9 «Г» сынып оқушысының жағдайы нашарлаған. Мектеп әкімшілігі дереу жедел медициналық көмек бригадасын шақырған. Жедел медициналық көмек көрсетілгеніне қарамастан, оқушыны құтқару мүмкін болмады»,-делінген хабарламада.
Қазіргі таңда аталған дерек бойынша тексеру және тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
«Мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілді, оның қорытындысы бойынша қосымша ақпарат ұсынылатын болады»,- деп қосты білім бөліміндегілер.
Related news