Жапонияда елдің бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэні өлтірді деп айыпталған азаматқа үкім шықты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Ер адам Нара қаласының аудандық сотында өз кінәсін мойындады. Прокуратура айыпталушыны өмір бойына бас бостандығынан айыруды талап етіп, бұл қылмысты «Жапонияның соғыстан кейінгі тарихындағы бұрын-соңды болмаған оқиға» деп атады. Ал қорғаушылар Ямагамиге 20 жылдан аспайтын жаза тағайындауды сұрап, оның «дінге байланысты зорлық-зомбылықтың құрбанына» айналғанын және түзелуге мүмкіндік беруге лайық екенін алға тартты.
Алайда айыптаушы тарап бұл дәлелдердің қисыныз екенін, қылмыскер қылмысты 41 жасында, яғни жағдайды толық бағамдай алатын кезде жасағанын мәлімдеген.
Еске салайық, Синдзо Абэні 2022 жылдың шілде айында көпшілік алдында сөйлеп тұрған кезінде атып кеткен еді. Ол бірнеше сағаттан кейін ауруханада көз жұмған болатын.
Күдікті Тэцуя Ямагами қылмыс орнында ұсталған. Ол өз әрекетін Бірігу шіркеуіне деген өшпенділігімен түсіндірген. Айтуынша, әкесі қайтыс болып, ағасының ауыр хәлге түсуінен соң анасы отбасын сақтап қалу үшін осы ұйымға қомақты қаржы аударған. Ямагами бастапқыда шіркеу өкіліне шабуыл жасауды жоспарлаған, алайда кейін бұл ұйыммен «тығыз байланысы бар және оның идеяларын Жапонияда насихаттады» деп есептеп Синдзо Абэні нысанаға алған.
Drones attacked Moscow, two residents were injured. What other information is known about "disturbed Moscow"?