Жол бойындағы өлім. Күдіктілер ұсталды

873
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/ihkFU2A19zBnmUr1XaX3YQwXypAGtnWrX9rLp5vi.webp

Шымкентте жолдағы бұзақылық пен кісі өліміне қатысты күдікке ілінген төрт адам ұсталды. Бұл туралы қалалық полиция департаменті айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі уақытта жедел-іздестіру шаралары жалғасуда»,-делінген хабарламада.

Айта кетейік, 20 қаңтарда жол апаты болып, соңы жаппай төбелеске ұласқан еді. Салдарынан 40 жастағы ер адам көз жұмған, тағы бір азамат ауруханаға жеткізілген.

Аталған жайт бойынша «адам өлтіру», «бұзақылық» және «адамды ұрлау» баптарымен қылмыстық іс қозғалған.

«Күдіктілерді анықтап, ұстау мақсатында Полиция департаментінің барлық күштері мен құралдары жұмылдырылды. Қылмыстық істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу іс-шаралары жүргізілуде»,-деп толықтырды ПД баспасөз қызметі.

Comments
Other materials