Неке институтын ер мен әйелдің ерікті одағы ретінде заңнамалық бекіту қажет - Президент

204
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/iKc8jsPfIU6OaPIzMzdGd3RWINHoasDH53HlM8EK.jpg

Қазақстанда неке институтын ер мен әйелдің ерікті түрде құрылатын, мемлекеттік мекемеде ресми куәландырылатын одақ ретінде заңнамалық тұрғыда бекіту қажет, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың V отырысында айтты.

Президенттің сөзінше, мемлекет дәстүрлі мәдени құндылықтарды қорғауға және деструктивті, азғын әрекеттерді насихаттауға қарсы тұруға міндетті.

«Қоғамда неке институтын ер мен әйелдің ерікті түрде құрылатын, мемлекеттік мекемеде ресми куәландырылатын одағы ретінде заңнамалық тұрғыда нығайту қажет. Алайда мемлекеттің ресми ұстанымына сәйкес келмейтін көзқарас үшін ешқандай жағдайда қылмыстық қудалауға да, моральдық кемсітушілікке де жол берілмеуге тиіс. Мемлекеттің ұстанымын мынадай формуламен түйіндеуге болады: әр азаматтың таңдау жасауға құқығы бар, бірақ бұл таңдауды ешкімге күшпен таңуға болмайды», – деді Тоқаев.

Айта кетейік, Қызылордада президенттің төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысы өтіп жатыр.

Comments