Алматыдағы Қазақстан-Британ техникалық университеті (ҚБТУ) алаңында «Болашақ білім беру – экожүйе, технология, адам» тақырыбымен EDUFEST-2026 конференциясы өтті.
EDUFEST-2026 конференциясының мақсаты қандай?
EDUFEST биыл педагогтер, оқытушылар және басқарушы командалар үшін кәсіби алаң құруға бағытталды. Мұнда цифрлық дәуірде білім беруді трансформациялау бойынша практикалық шешімдер талқыланып қана қоймай, нақты көрсетіледі. Яғни, оқытуға жасанды интеллект пен EdTech құралдарын енгізу, «Мектеп–колледж–ЖОО» білім беру экожүйесі мен серіктестігін дамыту, оқыту сапасын және адам капиталын дамыту деңгейін көтеру үшін тәжірибе алмасу арқылы білім беру ұйымдарына жұмыс істейтін тәсілдерді ұсыну, тиімді модельдерді тарату және өзгерістерді жүйелі түрде іске асыруға жол ашу көзделеді.
Білімге қолдау көрсету – жас қазақстандықтардың болашағына инвестиция
Halyk қайырымдылық қоры білімге қолдау көрсетуді елдің ертеңіне салынған инвестиция ретінде қарастырады.
«Білім беру саласына жүйелі қолдау көрсету — Halyk қоры қызметінің негізгі басымдықтарының бірі. Осы себепті біз EDUFEST-2026 жобасына қолдау көрсетеміз. Біз үшін заманауи білім беру практикасы мен технологияларының еліміздің барлық өңіріндегі педагогтар мен басқарушы командаларға қолжетімді болуы аса маңызды.
NNEF-пен бірлесіп, оқытушылар құрамын дамытуға ерекше назар аудара отырып, дарынды оқушылардың халықаралық бағдарламалар бойынша сапалы білім алуына мүмкіндік жасаймыз.
Жалпы, Halyk қоры 2025 жылдың өзінде 60 әлеуметтік жобаны іске асырып, 10,3 млрд теңге көлемінде қолдау көрсетті. Бұл жобалар білім беру, экология, әлеуметтік қолдау, инфрақұрылым және цифрлық даму бағыттарын қамтыды», -
деді Halyk қайырымдылық қорының директоры Сағынбек Шүңкеев.
EDUFEST-2026 аясында басқа спикер-қолдаушылар да пікір білдірді. NNEF өкілі Мария Ковжасарова ЖИ мұғалімді алмастырмай, педагогтың жұмысын күшейтетінін айтты. ҚБТУ-дан Сәбит Сұлтанов университеттің мектеп–ЖОО–үздіксіз оқытуды біріктіретін ашық алаң екенін атап өтті. MIRAS директоры Ирина Власянц мұғалімнің рөлі шешуші болып қала беретінін, ал ЖИ — сабаққа көмектесетін құрал екенін жеткізді. Ал Марина Үмбеталиева мектепке дейінгі білімде технология баламен жанды қарым-қатынасты толықтыруға тиіс екенін айтты.
ЖИ, EdTech, big data және білімге тең қолжетімділік
EDUFEST-2026 бағдарламасы білім беру технологиялары мен цифрлық педагогиканы, оқытудағы жасанды интеллектіні, үздіксіз білім беру мен жеке траекторияларды, инклюзия және білімге қол жеткізу теңдігін, soft skills пен эмоционал интеллектіні, білім беру экожүйелері мен хабтарын, сондай-ақ, бағалау мен big data мүмкіндіктерін қамтыды.
Іс-шара мазмұны жетекші сарапшылардың keynote-баяндамалары, EdTalks форматындағы панельдік пікірталастар, интерактив және сессиялар арқылы ашылды. Сонымен қатар, қатысушыларға арналған практикалық бөлікте EdTech кейстері мен демозоналар, VR/AR көрсетілімдері және EduDebate форматындағы студенттік дебаттар ұйымдастырылды.
Айта кетейік, шара NNEF Қоғамдық қоры, ҚБТУ және MIRAS халықаралық мектептерінің ұйымдастыруымен өтті. Бас серіктес – Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры.


