Иран әуе кеңістігін жапты. Батыс елдері азаматтарын елден кетуге шақырды

494
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/gcZGkgpCFWK6fiCfaaspYBl7NIBbhM9a4MKPnT2L.webp

Иран азаматтық ұшақтар үшін өз әуе кеңістігін жабу туралы ресми хабарлама таратты. Бұл өзгеріс тек арнайы рұқсатпен елге кіретін немесе елден шығатын халықаралық рейстерге ғана қолданылады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Flightradar24 сервисіне сілтеме жасап.

Тегеранның мұндай шешім қабылдауына не себеп болғаны нақтыланбады.

Бұған дейін Германия билігі өз әуе компанияларына Иранның әуе кеңістігін пайдаланбауға кеңес берген еді. Ал Ұлыбритания билігі елдегі жалғасып жатқан тәртіпсіздіктерге байланысты Тегерандағы елшілігін уақытша жауып, қызметкерлерін эвакуациялағанын мәлімдеген.

Интерфакс мәліметінше, Польша, Италия және Испания билігі өз азаматтарын «қолда бар кез келген тәсілмен» елден дереу кетуге шақырған. Осындай үндеуді АҚШ азаматтарына АҚШ президенті Дональд Трамп та жасаған еді.

Бұған дейін Ақ үй басшысы Тегеранның жаппай наразылықтарға қатысушыларға қатысты әрекеттеріне жауап ретінде Ислам Республикасына қарсы әскери операция жүргізу мүмкіндігін жоққа шығармаған. Кеше кешке Reuters агенттігі АҚШ алдағы 24 сағат ішінде Иранға соққы беруі мүмкін екенін хабарлаған болатын.

Reuters жарияланымынан кейін Трампқа Иранда шерушілерді өлтіру тоқтатылғаны туралы айтылды. Бұл мүмкін болатын әскери әрекеттерден бас тартуды білдіре ме деген сұраққа Трамп Вашингтон жағдайдың дамуын бақылауды жалғастыратынын мәлімдеген болатын.

 

Comments