Қытай Қазақстанның молибден-уран кенішін қыруар қаржымен инвестициялайды

156
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/2D5mC5bVshdA0sjUHNhMz2ar67Sz1wWvxPTwWYKL.jpg

Қытайдың Xiamen Wanli Stone Co., Ltd компаниясы Жамбыл облысындағы Қордай молибден-уран полиметалл кен орнын барлау жобасына 1,8 миллион доллар инвестиция салуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы қаржы сарапшысы Арман Батаев Finmentor.kz телеграм-арнасында жазып, Қытай қор биржасының сайтындағы құжатқа сілтеме жасады.

Оның айтуынша, Xiamen Wanli Stone компаниялар тобы Hainan Zhong-Kazakh Wanli Stone Mining Co. атты бірлескен кәсіпорын құрып, Қазақстандағы «Спецпоставка — Абсолют» ЖШС-ін сатып алады.

«Спецпоставка — Абсолют» ЖШС-нің Жамбыл облысында сирек кездесетін, түсті және бағалы металдарды барлауға лицензиясы бар. Мәміленің негізгі активі – Қордай молибден-уран кен орны, оны дамыту және өнеркәсіптік өндіріске енгізу жоспарланып отыр", – деп атап өтті Арман Батаев.

Айта кетейік, «Спецпоставка — Абсолют» ЖШС 20 жылдан астам уақыттан бері жұмыс істейді, Алматы қаласында шағын кәсіпорын ретінде тіркелген. Құрылтайшылары – Ирина Голубь пен Антон Меркулов. Ресми анықтамада негізгі қызметі «бағдарламалық қамтамасыз етуді сүйемелдеу» деп көрсетілген.

Ал Xiamen Wanli Stone компаниясы 1996 жылы Қытайдың Сямынь қаласында құрылған. 

Comments