Шымкент қаласының полициясы адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Құқық қорғау органдары күдіктінің жеке басын анықтап, оған іздеу жариялады, деп хабарлайды "Адырна".
Шымкент қалалық Полиция департаментінің дерегіне сәйкес, адам өлтіру дерегі бойынша Аймахан Шерхан Әлмаханұлы, 1997 жылы туған азамат күдікке ілінген.
"Ол қылмыс орнынан HYUNDAI MUFASA маркалы автокөлікпен қашып кеткен. Көліктің мемлекеттік тіркеу нөмірі – 015AUY17", - делінген қалалық ПД хабарламасында.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс «Кісі өлтіру» бабы бойынша тергеліп жатыр. Күдіктіні ұстау мақсатында жедел-іздестіру іс-шаралары жалғасуда.
Еске салайық, бұған дейін 21 жастағы қызды пышақтап өлтіргені туралы хабарладық.
Related news