Солтүстік Қазақстанда жеке тұрғын үй өртеніп, екі адам қаза тапты

130
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/G16JKP0B3og7ItYmIEOvhZxbY0Bxs1rHslmtP3Xw.jpg

11 қаңтар кешке Солтүстік Қазақстан облысының Мағжан Жұмабаев атындағы ауданға қарасты Майбалық ауылында жеке тұрғын үй өртенді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна".

Өрт салдарынан үй толықтай отқа оранған. Үй иесінің айтуынша, өрт болған сәтте үй ішінде оның жұбайы мен екі кәмелетке толмаған баласы болған.

«Өртті сөндіру және үйінділерді аршу барысында құтқарушылар ер адамның және бір кәмелетке толмаған баланың мәйітін тапты. Екінші баланы іздеу жұмыстары жалғасып жатыр», – делінген ТЖД хабарламасында.

Оқиға орнына департамент басшылығы барды, психологтар үй иесіне психологиялық көмек көрсетуде.

Қазіргі уақытта өрт толығымен сөндірілді, шығу себебі анықталуда. Отты сөндіруге ТЖД-ның 24 жеке құрамы мен 6 техникасы, сондай-ақ «Агрофирма» ЖШС-нің ерікті өрт сөндіру жасағы жұмылдырылды.

Comments