Қазақстанның бірінші, әлемнің 11-ракеткасы Александр Бублик Гонконгта өткен турнирдің чемпионы атанды, деп хабарлайды “Адырна”.
Финалда Бублик италиялық теннисші, әлемнің 7-ракеткасы Лоренцо Музеттимен кездесіп, екі сетте жеңіске жетті — 7:6, 6:3.
Осылайша, Александр турнир титулын иеленіп қана қоймай, тарихи жетістікке қол жеткізді: жаңартылған ATP рейтингінде ол үздік ондыққа (топ-10) енеді.
Бұған дейін қазақстандық теннисшілердің ешқайсысы ерлер арасындағы жекелей сында мұндай нәтижеге жетпеген.
Айта кетейік, Гонконгтағы турнир барысында Александр Бублик нидерландиялық Ботик ван де Зандсхулпты (75-орын), қытайлық Шан Цзюнчэнді (406-орын) және АҚШ өкілі Маркос Гиронды (64-орын) жеңген еді.
Related news
A public discussion will be held in Almaty regarding the construction project of the nuclear power plant
It was reported that the guy, who was upset with his girlfriend, tried to jump from the big road bridge
