14 қаңтардан бастап қазақстандық «Әбіл» фильмі Франция кинотеатрларына прокатқа шығады. Бұл туралы туындының режиссері Елзат Ескендір мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Айтуынша, фильмді Франция аумағында көрсетуді франциялық Damned Films компаниясы қазақстандық Ш.Айманов атындағы Қазақфильм киностудиясымен және фильмнің насихат жұмыстарымен айналысқан Tanaris кинокомпаниясымен келісімшарт жасаса отырып жүзеге асыруда.
«Фильмнің кең ауқымда франция көрермендеріне жететініне қуаныштымыз. Және фильмнің халықаралық продюсері Юлия Кимге зор алғыс білдіреміз»,-деді ол.
Бұған дейін картина Францияда өткен 31-Vesoul халықаралық Азия кинофестивалінен үш бірдей марапатқа ие болған еді.
Айта кетейік, «Әбіл» фильмі — Кеңес одағы құлап, колхоз-совхоз тарап, мал-мүлік бөліске түсіп, елде приватизация орын алған кезеңдегі қиянатқа ұшыраған қарапайым адамдар мен қараусыз қалған қазақ ауылындағы бейберекетсіздікті суреттейді. Сол арқылы кинотуынды тәуелсіздік басындағы күрделі уақыт аясындағы қазақ халқының рухани кейпіне, психологиялық күйіне әлеуметтік талдау жасайды. Фильмде кеңестік жүйе кезіндегі адам өмірінің құнсыздығы, қазақ халқының бастан кешкен жағдайы, тұрмыс қалпы, өз елінде, өз жерінде дискриминацияға түскендігі, социализмнен капитализмге ауысу тұсындағы екіұдай сезім, сонымен қатар жемқорлықтың пайда болуы жайлы да ой қозғайды.
The rich man, Utemuratov received a loan of 126.8 billions tenge from the state for the gold business