2,1 млн гектар жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды

97
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/7bRu1po76HnrUr7NAcDxaTr76FFc7Gjezprw3wmw.jpg

2025 жылы пайдаланылмай жатқан 2,1 млн гектар жер мерзімінен бұрын мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды “Адырна”.

2025 жылы жерді тиімді пайдалану мәселелері жөніндегі республикалық комиссияның құқық қорғау органдары мен қоғам өкілдерінің қатысуымен 3 отырысы, сондай-ақ 42 өңірлік кеңес өткізілді.

Жер ресурстарын басқару комитетінің мәліметінше, 2022 жылдан бері мемлекет меншігіне барлығы 14,3 млн гектар жер қайтарылған. Оның ішінде:

  • 2022 жылы – 5,4 млн га,
  • 2023 жылы – 4,6 млн га,
  • 2024 жылы – 2,2 млн га,
  • 2025 жылы – 2,1 млн га.

Ведомствоның хабарлауынша, қайтарылған жердің 12,5 млн гектары – жайылымдық алқаптар. Бұл жерлерде 16,1 мың шаруашылықта мал мүлде болмаған немесе жайылымға түсетін жүктеме төмен болған.

2022 жылдан бері мемлекетке қайтарылған жерлердің 7,7 млн гектары қайта бөлінген, оның ішінде:

  • 2,7 млн гектар мал жаю үшін ортақ пайдалануға берілді,
  • 5 млн гектар конкурстық негізде ұсынылды.

Сонымен қатар, жер пайдаланушылар 4,6 млн гектар аумақта жерді қайта игере бастаған.

Қазіргі уақытта тағы 7,5 млн гектар жерді қайта бөлу жұмыстары жалғасуда. Әкімдіктерге ең алдымен жергілікті тұрғындардың жайылымға деген қажеттілігін және ауыл шаруашылығымен айналысқысы келетін азаматтардың мүддесін ескеру тапсырылды.

Comments