5 қаңтардан бастап қасқыр мен шибөрі атуға рұқсат беріледі. Бұл туралы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«2026 жылға арналған Қазақстан аумағында қасқыр мен шибөріні аулаудың рұқсат етілген көлемі айқындалған биологиялық негіздеменің әзірленгенін хабарлайды. 5 қаңтардан бастап сағат 10:00-ден бастап санын реттеуге жататын жануарларды (қасқыр, шибөрі) аулауға рұқсат алу мүмкіндігі қолжетімді болады»,-делінген хабарламада.
Биологиялық негіздемеге сәйкес жануарлар санын реттеу мерзімі 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін бекітілген.
Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар және Ұлытау облыстарында рұқсат тек үй жануарларына шабуыл жасалғаны дәлелдер болған жағдайда ғана беріледі.
The Republican Korean Theater staged the performance "Kobylandy" on the occasion of the Independence Day