Президент ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салу және архив ісі жөніндегі заңға қол қойды

124
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/21wmTuV7mAHsd5SfXNhcpgJXe92AVc21qfmFlGTI.webp

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев  «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне архив ісі және құқыққа қайшы контенттің таралуын шектеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  заңға қол қойды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Құжатта педофилияны және дәстүрлі емес жыныстық бағдарды насихаттайтын ақпаратты қоғамдық кеңістікте, бұқаралық ақпарат құралдарында, телекоммуникация желілерінде және онлайн-платформаларда орналастыруды шектеу көзделген.

Сенат өкілдерінің айтуынша, заңның басты мақсаты — балалардың құқықтарын қорғау.

Айта кетейік, 12 қарашада Мәжіліс депутаттары ЛГБТ насихатына тыйым салатын заңды қабылдаған еді. Нормалар күшіне енгеннен кейін мұндай контентке 18+ жас шектеуі белгіленіп, арнайы таңбалау енгізіледі. Заңды Сенат 4 желтоқсанда қарауы тиіс болғанымен, құжат күн тәртібінен алынып тасталды. Палатада бұл шешім жекелеген нормаларды қосымша пысықтау қажеттілігімен түсіндірілді.

Мәдениет және ақпарат министрлігі халықаралық тәжірибені зерделеп, ұқсас нормалар жекелеген топтарға қатысты агрессияның немесе әлеуметтік оқшауланудың өсуіне әкеледі деген алаңдаушылықтарға дәлел таппағанын мәлімдеді. Вице-министр Евгений Кочетов басқа мемлекеттерде бұдан да қатаң шектеулер енгізілгенін, алайда ол елдерде түзетулерді сынаушылар айтып жүргендей теріс қоғамдық реакция қалыптаспағанын атап өтті.

18 желтоқсанда Сенат ЛГБТ насихатына тыйым салу туралы заңды мақұлдаған еді.

Comments