КҚК теңіз терминалы мұнай қабылдауды тоқтатты

556
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/ez1EzJmfeLoL4IszNcujdsjoroGH28emfMXupzEo.webp

Каспий құбыр консорциумы дауылға байланысты теңіз терминалында мұнай тиеу мен оны қабылдауды уақытша тоқтатты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«29 желтоқсанда КҚК теңіз терминалының операциялық аймағындағы қолайсыз ауа райы жағдайларына байланысты консорциум ауа райы қалыпқа келіп, дауылды ескертулер алынғанға дейін мұнайды тиеу жұмыстарын тоқтатуға мәжбүр болды. Сондай-ақ шикізатты сақтау қуаттарының толып кетуіне байланысты мұнай қабылдау да тоқтатылды»,- делінген хабарламада.

Мұнай құбыры жұмысының тұрақты түрде қайта жандануы және жүктемелердің қалыпты режимге оралуы туралы қосымша хабарланатын болады.

Еске салайық, 29 қарашада Новороссийск порты ауданында КҚК-ның теңіз инфрақұрылым нысандарына экипажы жоқ жүзу құралдары арқылы шабуыл жасалған болатын. Шабуыл салдарынан теңіздегі қашықтағы айлақ қондырғысы ВПУ-2 (қалқымалы тиеу құрылғысы) айтарлықтай зақымдалған.

Қазіргі таңда Қазақстан шабуылдан кейінгі шығын көлемін есептеп жатыр.

Comments