Украина қарулы күштерінің Бас штабы бейсенбі күні Ростов облысындағы Новошахтинск мұнай өңдеу зауытына жаңа соққы жасалғанын растады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бас штабтың мәлімдеуінше, соққы әуе базасындағы Storm Shadow қанатты зымырандары арқылы жасалған.
"25 желтоқсанда Украина Қарулы күштерінің Әуе күштері Ресей Федерациясының Ростов облысындағы Новошахтинск мұнай өнімдері зауытына әуеден ұшырылатын Storm Shadow қанатты зымырандарымен сәтті соққы жасады. Көптеген жарылыстар тіркелді. Нысана дәл көзделіп, зақымданды. Келтірілген шығын көлемі нақтыланып жатыр", – делінген украин генштабының хабарламасында.
Новошахтинск мұнай өңдеу зауытына жасалған шабуыл туралы, Украинамен шекараға жақын орналасқан бұл нысан жөнінде екі тараптың да Telegram-арналарында ақпарат тарады.
It's been 2 years since the war in Ukraine. Armenia announced the suspension of its membership in the CSTO
The situation was serious. A three-year-old baby bathed in a fountain was brought to the intensive care unit
