"Алаңдамасын". Премьер-министр жаңа Салық кодексі және бизнеске әсері туралы айтты

77
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/3YjS3GZnCSR04fQ9YgnD1W5n9o0J31JtB95S0QpA.webp

Премьер-министр Олжас Бектенов үкімет отырысында жаңа Салық кодексі күшіне енгеннен кейін бизнестің жағдайы қандай болатынын айтып өтті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Премьер-министр атап өткендей, бизнес қауымдастығы үшін қарапайым декларация режимінде жұмыс істейтін жеткізушілермен өзара әрекеттескенде шығындарды есептен шығару тыйым салынуы алаңдаушылық тудырып отыр. Бұл шамамен 400 мың микро және шағын бизнес өкілдерін қамтиды.

“Бұл санаттағы кәсіпкерлер өз болашағы үшін алаңдамасын. Қаржы министрлігі оларды сервистік салық әкімшілігі моделімен сүйемелдеп, тиісті түсіндірме жұмыстарын жүргізуі қажет”, – деді Олжас Бектенов.

Сондай-ақ, ол қаржы министрлігі мен Ұлттық банктің бірлесіп, шағын бизнес үшін салық есептілігін автоматты түрде толтыру мүмкіндігін қамтамасыз етуін тапсырды.

Сонымен қатар, ұлттық экономика министрлігіне жалпыға бірдей салық режимінде жұмыс істейтін шағын және орта бизнес үшін қосымша салық емес қолдау шараларын әзірлеу тапсырылды.

Comments
Other materials