Алматыдағы теміржол вокзалында адамдар жаппай уланған төтенше жағдай тіркелді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Барлығы 52 адам зардап шеккені хабарланды. Олардың ішінде балалар да бар.
Желіде оқиғаның Алматы-2 вокзалында болғаны айтылуда.
«Қазақстан темір жолы» оқиға болған пойыздың ҚТЖ-ға тиесілі емес екенін мәлімдеді.
Компанияның дерегінше, құрам жеке компанияға тиесілі және түсірілім жұмыстары үшін киностудияға берілген.
Зардап шеккендер қаладағы стационарларға жеткізіліп, қажетті медициналық тексеруден өтті. 10 бала ауруханаға жатқызылды, олардың екеуі жансақтау бөлімінде жатыр. Қалғандары профильді бөлімшелерде ем қабылдауда.
Ересек науқастар тексерістен кейін амбулаторлық ем қабылдау үшін үйлеріне жіберілді.
Related news
In Semey, a new public space and an opportunity to print books in Braille in the Kazakh language appeared