Мұғалімнің оқушыға қол көтергені анықталды

122
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/yYWNpLt1jI5oqq8DEDJ5zQDJXD44BOwsDE7TuDCX.webp

Алматы облысында дене шынықтыру пәнінің мұғалімі оқушыны сынып алдында сөгіп, кейін шашынан ұстап, иығына соққы жасаған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы КТК-ға сілтеп.

Оқиға оқушылардың түсіріп алған видеосы арқылы әлеуметтік желіде кеңінен тарап, қоғамдық резонанс тудырды. 

Белгілі болғандай, жағдай Қарасай ауданына қарасты Қолашы ауылындағы мектептердің бірінде орын алған. Куәгерлердің айтуынша, мұғалім алдымен оқушыға ауызша ескерту жасап, жұрт алдында сөккен. Кейін оның құлағын бұрап, шашынан сүйреп, иығына жұдырықпен соққы жасағаны бейнежазбада анық көрінеді.

Оқушының ата-анасы оқиға бойынша полицияға арыз түсіріп, педагог өз кінәсін мойындап, жазбаша түсініктеме берген. Қазіргі таңда жанжалдың нақты неден шыққаны әзірге нақтыланбаған.

Облыстық білім басқармасының мәліметінше, аталған мұғалім жұмыстан шығарылған.

Ал медициналық тексеріс қорытындысы бойынша оқушының денсаулығына айтарлықтай зиян келмегені анықталды.

Жиналған материалдар Қарасай аудандық полиция бөліміне жолданып, ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабының 2-бөлігі — «Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Comments