Ринат Зайыттың анасы Роза Қалиасқарқызы қайтыс болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Қаралы хабар туралы әріптесі Мақсат Толықбай жазды.
«Ринат Зайыт бауырымыздың анасы қайтыс болды. Асылынан айырылған досымның қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз. Сұрап жатқан жандарға айта кетейін, жаназа намазы мен жерлеу рәсімі Семей қаласында өтеді», – деп жазды ол.
Ринат Зайыт көпшілікке айтыскер ақын ретінде танылған. Ол - Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі.

Related news
Minister of Energy of the Republic of Kazakhstan: I will return to Moscow to discuss the explosion in the oil pipeline
OMIR SYNYBEKULY: If the head of state does not take care like Konayev himself, the danger will increase...