АҚШ Ауғанстан азаматтарына виза беруді уақытша тоқтатты. Бұл туралы елдің мемлекеттік хатшысы Марко Рубио мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Айтуынша, бұл шешім Ақ үй маңындағы атысқа байланысты қабылданған.
«Президент Трамптың мемлекеттік департаменті ауған төлқұжатымен жүретін барлық адамға виза беруді тоқтатты. Америка Құрама Штаттары үшін ең басты басымдық — өз елін және халқын қорғау», — деп жазды ол X әлеуметтік желісінде.
Бұған дейін АҚШ иммиграциялық қызметі Ауғанстан азаматтарына қатысты иммиграциялық өтініштерді қарау белгісіз мерзімге тоқтатылғанын хабарлаған еді. Оған Вашингтонда Ұлттық гвардия қызметкерлеріне жасалған шабуыл себеп болған.
Related news
Department of Almaty city regularly holds receptions of citizens to increase legal literacy of consumers