«Сценарий емес». Министр көмектескен жолаушы журналист болып шықты

714
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/yLheSCGYjZoZeHpIVa7Zoracc4TgRWhZOnJ364PT.jpg

27 қараша «Астана–Алматы» ұшағында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова алғашқы медициналық көмек көрсеткен жолаушы белгілі журналист Гүлмира Әбіқай болып шықты. Бұл туралы ол өзінің парақшасында бөлісті, деп хабарлайды “Адырна”.

Гүлмира Әбіқай ұшақ бортында болған жағдайды баяндап, өзі мән-жайды түсіндіріпті. Сондай-ақ аяқ асты қан қысымы көтерілгенде көмекке тұра ұмтылған еліміздің бас дәрігеріне алғысын білдірген.

«Көбі “сценарий, өтірік” деп жатыр. Бұл – рас, болған оқиға. Дәл сол орында отырған жолаушы мен едім. Дер кезінде жанымнан табылған еліміздегі бірінші дәрігер Ақмарал Әлназароваға мың алғыс айтқым келеді», – деді журналист.

Айта кетейік, кеше Астана – Алматы рейсінде жолаушының жағдайы нашарлап, оған Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың көмектескені туралы жазған едік.

 

 

 

Comments