Елімізде 800-ге жуық мектептің оқушысы қашықтан оқыту форматына ауыстырылды. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Эпидемиологиялық маусым басталғалы бері елімізде ЖРВИ мен тұмаудың 2 миллионға жуық жағдайы тіркелген. Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, науқастардың 60–70 пайызы — балалар.
Әлеуметтік желілерде тұрғындар ауруханалардағы ұзын-сонар кезектерге шағымдануда.
Сұлтанғазиевтің айтуынша, мектептер бас санитарлық дәрігердің ұсынымы бойынша әрекет етуде. Егер сыныптағы оқушыларды 20%-ы ауырса, оларды бір кабинеттен шығармай, қозғалысты шектеу ұсынылады. 30%-дан астамы ауырса, сынып қашықтан оқытуға жіберіледі.
«Қазіргі таңда 13 өңірде осы тәртіп енгізілді. Бүгінгі күнге дейін 800-ден астам мектеп 11 мың сыныпты қашықтан оқуға жіберді. Бұл — шамамен 250 мың оқушы», – деді вице-министр Мәжіліс кулуарында.
Өткен аптада бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сархат Бейсенова ЖРВИ өршуіне байланысты 7 өңірде 132 мектептің 1 469 сыныбы онлайн форматқа көшкенін мәлімдеген болатын.
10,000 military personnel were mobilized to protect the western regions from water - Olzhas Bektenov