Көпқабатты тұрғын үйлер кешенінен өрт шықты. Кемінде 13 адам қаза тапты

369
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/AFf15M7srbl9aMIaMXar2fmpGLt0ngzDxF50n8u7.jpg

Гонконгтің Тай По ауданынында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлер кешенінде ірі өрт шықты. Алдын ала мәліметтер бойынша, кемінде 13 адам көз жұмған. Бұл туралы South China Morning Post басылымы жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Тағы 22 адам жарақат алған. Шетелдік БАҚ мәліметінше, тұрғын үй кешені аумағында 31 қабатты сегіз ғимарат бар. Оларда жалпы 1,9 мың пәтер орналасқан, шамамен 4 мың адамтұрады. Қазіргі уақытта кешенде қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқан.

Тай По округі кеңесінің мүшесі Бэрри Миу Сиу-фонның айтуынша, барлық ғимарат өртке оранған.

Қазіргі таңда оқиға орнында 767 өрт сөндіруші мен 400 полиция қызметкері жұмыс істеп жатыр.

South China Morning Post-тың жазуынша, шектен тыс ыстық ауа райы өрт сөндірушілердің жұмысын қиындатып отыр. Оқиға орнынан 700-ден аса адам эвакуацияланып, аудан әкімдігі ашқан бес уақытша орналастыру орталығына жеткізілген. Әзірге өрттың шығу себептері айтылмады.

Comments
Other materials