АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткофф пен Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков телефон арқылы сөйлеспеді. Бұл туралы Кремльдің арнайы уәкілі Кирилл Дмитриев айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Фейк. Қақтығысушы тараптар бейбітшілікке жақындаған сайын соғыс тұтатқысы келетіндердің әрекеті де тым өрши түседі»,- деп жазды ол X әлеуметтік желісінде.
Еске салайық, 26 қарашаға қараған түні Bloomberg саясаткерлердің әңгімелескенін мәлімдеп, шамамен бес минуттық стенограмма ұсынған еді. Онда екі ел өкілінің 20-ға жуық мәселені талқылағаны айтылады.
Хабарламаға сәйкес, Уиткофф Ушаковқа Ресей мен АҚШ президенттерінің телефон арқылы сөйлесуін, сондай-ақ Газада бұрын ұсынылған жоспарға ұқсас 20 тармақтан тұратын бейбіт ұсыныс әзірлеуді ұйымдастыруды ұсынған.