Украина Ресейдің төрт жылға жуық созылған шабуылын тоқтату үшін Вашингтон әзірлеген «бейбіт жоспардың» шарттарына келісті. Бұл туралы Reuters агенттігі дереккөздерге сілтеме жасап жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Украиндар бейбіт келісімге келісті. Реттеуді қажет ететін аздаған егжей-тегжей қалды»,- делінген хабарламада.
Украина президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Рустем Умеров та құжатта «реттеуді қажет ететін кейбір ұсақ-түйек тұстар қалғанын» атап өткен.
Өткен демалыс күндері Женевада АҚШ әскерінің министрі Дэн Дрисколл, мемлекеттік хатшы Марко Рубио, Трамптың арнайы өкілі Стив Уиткофф, Трамптың күйеу баласы Джаред Кушнер, сондай-ақ Украина мен еуропалық одақтастардың дипломаттары қатысқан келіссөздер өткен еді. Нәтижесінде тараптар «бейбіт жоспарға» өзгерістер енгізіп, 28 тармақтың орнына 19 тармақ қалдырған.
Politico мәліметінше, жаңартылған құжатта Донбасты Ресей бақылауына беру туралы шарт қайта қаралған. Сондай-ақ Украинаның шекарасына қатысты «сезімтал мәселелер» көтерілген.
Financial Times дерегінше, Украина әскер санын 800 мың адаммен шектеуге келісім берген. Ал АҚШ жоспары бойынша әскер санын 600 мыңға дейін қысқарту ұсынылған еді. 2025 жылдың басында Зеленский Украина қарулы күштерінде 880 мың әскери қызметкер болғанын айтқан еді.
The high-altitude sports complex "Medeu" will be modernized: Ermek Marzhikpaev held a report meeting in the region