Журналист Бибігүл Дәулетбекқызы танымал психологтың даулы мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Журналист Бибігүл Дәулетбекқызы әлеуметтік желідегі парақшасында белгілі психологтың «Отан» сөзіне қатысты айтқан бейәдеп мәлімдемесін сынға алды. Оның айтуынша, соңғы тәулікте психологтың сөзі қоғамда үлкен резонанс тудырып, желі қолданушыларынан көптеген ашулы хаттар келіп түскен.
Журналист өз жазбасында бұл әрекетке тиісті шара қолдану қажеттігін айтып, миллиондық аудиториясы бар блогерлердің жауапкершілігі туралы мәселе көтерді.
"Осының орнында басқа ұлт болса, түтіп жеп, өткендегі Алика секілді отырғызатын жерге отырғызатын едік. Миллион оқырманды жинап алып, аузына не болса соны құсатын бұндайларға «тәйт» дейтін ешкім жоқ па? Осының «ақылын» тыңдап жүрген ақымақтарға таңым бар. Он жыл бұрын жақсылап сынаған едім. Сонда тікелей эфирде, «Мен Бибігүл қызды жақсы көремін» деп жыламсырап шыққан болатын(әдейі жылады аясын деп, таза манипулятор). Хейтерлері шабуылдағысы келген. Алайда менің аз оқырмандарым олардың ту талақайын шығарды. Содан кейін құрысыншы осыған тиіспей-ақ қояйын дегенмін. Сөйтсем…

Бибігүл Дәулетбекқызы психологтың халықты сыйламау, билеттердің бағасына қатысты мазақ ету сияқты әрекеттерін де атап өткен.
"Әлемде қаншама ұлт жүр Отанға зар болып жүрген. Ал бұл әдепсіз бәлелер “отанымды жеме” деп қояды масығып.
PS: Кезінде депутат (праймириз) болғысы да келген еді бұл “ханым”. Он жыл бұрын жасырып келген бетпердесін кеше жақсылап шешті", - деп жазды ол.
On the occasion of the International Chess Day, the BI Chess city tournament was held for the first time in Shymkent
A record amount. Astana administration will spend 2.6 billion tenge on preparations for the new year