“Отанымды жеме…” Журналист психологты сынға алды

384
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/20Q8KXE1c6LQH4AcBu8ayMrolhI7o09pfI39UMzW.webp

Журналист Бибігүл Дәулетбекқызы танымал психологтың даулы мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Журналист Бибігүл Дәулетбекқызы әлеуметтік желідегі парақшасында белгілі психологтың «Отан» сөзіне қатысты айтқан бейәдеп мәлімдемесін сынға алды. Оның айтуынша, соңғы тәулікте психологтың сөзі қоғамда үлкен резонанс тудырып, желі қолданушыларынан көптеген ашулы хаттар келіп түскен.

Журналист өз жазбасында бұл әрекетке тиісті шара қолдану қажеттігін айтып, миллиондық аудиториясы бар блогерлердің жауапкершілігі туралы мәселе көтерді.

"Осының орнында басқа ұлт болса, түтіп жеп, өткендегі Алика секілді отырғызатын жерге отырғызатын едік. Миллион оқырманды жинап алып, аузына не болса соны құсатын бұндайларға «тәйт» дейтін ешкім жоқ па? Осының «ақылын» тыңдап жүрген ақымақтарға таңым бар. Он жыл бұрын жақсылап сынаған едім. Сонда тікелей эфирде, «Мен Бибігүл қызды жақсы көремін» деп жыламсырап шыққан болатын(әдейі жылады аясын деп, таза манипулятор). Хейтерлері шабуылдағысы келген. Алайда менің аз оқырмандарым олардың ту талақайын шығарды. Содан кейін құрысыншы осыған тиіспей-ақ қояйын дегенмін. Сөйтсем…

Иә, сөйтсем бұл бүкіл 20 миллион халқыма Отанын жегіздіріп, зарламаңдар деп жекіп қояды. Бұған 3000 тг түк те емес шығар, бірақ та студенттер үшін үш мың теңге әлем ақша. Енді бүгін мүләйімсіп отыр, «10 билетті тегін таратамын» дейді де, содан мазақ етіп, «бір күнде 75 мың подписчик жинадым» деп қояды. Әбден шектен шығыпты ғой мынауың дедім ызаланып.
Өткенде Беделхан осындайларды айтты «құтырған қатындар» деп. Ал кейбіреулер сөздің астарын түсінбей ол кісінің быт-шытын шығарды.
Осының сандырағын тыңдап жүрген әйелдер, сендерде өзі намыс деген бар ма? Бүгін саған «Отаныңды же» дейді.
Барлығының күші сол баяғы қарапайым Халыққа келеді.
Болмайтын фильмдеріне «барыңдар» деп Халыққа ұрсатын кім еді бұл?!
Не міндет пе екен осылардың өмір сүргендері?!
Мен мәселен сайқымазақтардың бірде бір фильміне бармадым!
Бармаймын да!!!
Тредстағы жастар ерегіскенде Тұрсынбектің экс-әйелінің фильміне бойкот деп және мына өзіне ханым статусын жапсырып алған психологқа cancel жасауда", - деп жазды журналист.
Ол өз парақшасында "Құралай ханым" атымен танымал коучтың сөзін жариялаған.
Возможно, это изображение текст "Δίн МелΔюдинкиносына! киносына Отанымды жемей, 3000 тенгеге зарламандар» welancholic Объявим ей... 16 Ч. Перейти > ර Почему эта психологичка делает одолжение? и почему она под словом Отан подразумевает МУРСКОИ ОРГАН? Она заслуживает всеобщего народного кэнсэла за TO, что она испачкала слово Отан. quralai_hanum Мелдирд.н киносынан шыктым. Сынап жаткандарта айтарым: Индиянын басы кылтылдатан Анандийн, дыш-дыш etin жрганда eTipik ΘЛИП жататын кадрлар кергенде неге Θετί сынамаеансындар?! Кай Казак болмасын тыпырлап шамасы жеткенше енбекте жатканын керу матан мактаныш Колынан туκ келмейт.н, б.τ.рген дымы ЖОК, сыншы диванбатырлар отанымды жемей, 3000 тенгеге зарламай, барып колдандар Мелд.рдί! 1/2 2,7 тыс. 899 94"

Бибігүл Дәулетбекқызы психологтың халықты сыйламау, билеттердің бағасына қатысты мазақ ету сияқты әрекеттерін де атап өткен. 

"Әлемде қаншама ұлт жүр Отанға зар болып жүрген. Ал бұл әдепсіз бәлелер “отанымды жеме” деп қояды масығып.
PS: Кезінде депутат (праймириз) болғысы да келген еді бұл “ханым”. Он жыл бұрын жасырып келген бетпердесін кеше жақсылап шешті", - деп жазды ол.

Yorumlar
Diğer Haberler