Ресейдің халық әртісі Сергей Безруков өзбекстандық жанкүйеріне жасаған пародиясы үшін түсініктеме берді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Бұған дейін актер баспасөз конференцияларының бірінде Ташкенттегі зират қызметкерінің сөйлеу мәнеріне қатысты әзілдеген еді. Оның бұл әрекеті көпшіліктің ашуын туғызды.
Безруков бейнеүндеу жолдап, өзбек халқы мен тілін мазақтау ниеті болмағанын жеткізді. Ол әлеуметтік желідегі сын-пікірлердің екі халық арасында араздық тудыру үшін жазылып жатқанын айтып, оған көңіл бөлмеуге шақырды.
«Өзбекстанның мені қаншалықты жақсы көретіндерін, қаншалықты күтетіндерін білемін. Мен де оларды дәл солай құрметтеймін»,- деді ол.
Related news
Those who are switching their car to gas should not forget that it will also become more expensive. Almasadam Satkaliyev