Белгісіз біреу пышақтаған. Жасөспірім жарақат салдарынан көз жұмды

502
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/W9B8q2FuADBUElQWv0YPwgLpyHMqOH8edGM8GPdP.jpg

Ақмола облысының Ынтымақ ауылында 14 жастағы қыз пышақ жарақаттарынан көз жұмды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жасөспірімнің өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

“Ынтымақ ауылында 14 жастағы қыз пышақ жарақаттарынан көз жұмды. Күдіктінің жеке басы жедел анықталды. Қазіргі уақытта оны ұстауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде”, – делінген ведомство хабарламасында.

Полиция департаменті басшылығы тергеу барысын ерекше бақылауға алған. Қыз өліміне қатысты барлық мән-жай анықталып жатыр.

Көп ұзамай полицейлер қылмысты жасады деген күдікпен ер адамды ұстады.

“Қылмыс жасағаннан кейін ер адам қашып кетуге талпынған, алайда жедел әрекет ету барысында ізін суытпай қолға түсті. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасып жатыр”, – деп хабарлады полиция департаменті.

Оқиғаның себептері мен нақты жағдайлары анықталып, тиісті сараптамалар тағайындалған.

Comments