Ақсу ферроқорытпа зауытында жұмысшы күйіп қалды

469
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/dVwDxQjmCTqzYyDEbTw5ImrQyxRtvFm587AYCHDn.jpg

Ақсу ферроқорытпа зауытында жұмысшы күйіп қалды. Оның жағдайы ауыр. Бұл туралы pavlodarnews.kz жазды, деп хабарлайды “Адырна”.

Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы Асқар Қапановтың айтуынша, 12 қарашада Ақсу ферроқорытпа зауытында жазатайым оқиға болды. Бір жұмысшы зардап шекті.

"Қазіргі уақытта жазатайым оқиғаны тергеу ұйымдастырылуда. Тергеу аяқталғаннан кейін жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталады", - деді ол.

Жәбірленуші Ақсу қалалық ауруханасының жансақтау бөлімшесіне денесінің 60-65 пайыз термиялық күйік шалумен түсті.

Оның жағдайы ауыр деп бағалануда. 29 жастағы ер адам тиісті ем алуда.

Comments