Президент тағы бір заңға қол қойды

488
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/X3d2dYw6KPAmyKNFSgwKnPtVnsStZwpNGKI9XSFO.jpg

Президент Қазақстан мен Марокко Корольдігі арасындағы келісімді ратификациялау туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ақорданың мәліметінше, Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Марокко Корольдігі арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Аталған құжат екі елдің құқық қорғау органдары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және қылмыстық істер бойынша өзара көмек көрсету тетіктерін жетілдіруге бағытталған.

Comments