Қазақстан мен Ресей стратегиялық серіктестік пен одақтастық туралы декларацияға қол қойды

1003
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/hAc6DUsUlwvS3n8h3cokb0b1fwbLJp6KJYkZu1zq.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей басшысы Владимир Путин келіссөздер қорытындысы бойынша екі елдің мемлекетаралық қарым-қатынасын жан-жақты стратегиялық серіктестік және одақтастық деңгейіне дейін жеткізу жөніндегі декларацияға қол қойды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев бұл құжаттың тарихи мәні зор екенін атап өтті.

«Халықтарымыз арасындағы мызғымас өзара сенім мен ынтымақтастықтың келешегі кемел екенін көрсетеді.  Осы орайда екіжақты байланысты нығайтуға елеулі үлес қосқаны үшін Владимир Владимирович Путинге шынайы ризашылығымды білдіремін»,-деді ол.

Мемлекет басшысы  келіссөздердің нәтижесін жоғары бағалады.

«Қазақстандықтар Ресей президентін жаһандық ауқымдағы мемлекет қайраткері деп біледі әрі құрметтейді. Оның есімі әлемге жақсы мәлім және қазіргі алмағайып заманда орыс халқы мен Ресей мемлекетінің мүддесін қорғау ісінде сенім мен қажымас қайраттың символы ретінде қабылданады.

Қазақстан Ресей Федерациясының өркендеуіне шын мәнінде мүдделі. Бүгінгі келіссөздер нәтижесін жоғары бағалаймын. Кездесуіміз ашық әрі сенімді рәуіште өтті және нақты пайдасын берді»,–деді Тоқаев.

Comments