Пара алу күдігімен. Полицейді ұстау сәті түсірілген бейне тарады

841
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/bPKfdoXCDkucDqtdFH0YZRuqqV23FjmTVYiT5CSw.jpg

Түркістанда ҰҚК қызметкерлері полицейді пара алу күдігімен ұстады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Қамауға алу сәті түсірілген бейне әлеуметтік желіде тараған.

Видеодан облыстық полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасы мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінің полицейді тексеріп жатқанын көруге болады. Тексеру кезінде қызметкер қашуға әрекет жасағаны байқалды.

Алдын ала мәліметтерге қарағанда, ұсталған полицей Созақ аудандық полиция бөлімінің қызметкері болып, 200 мың теңге пара алған.

Сонымен қатар, департамент қызметкерге қатысты тәртіптік комиссия отырысын өткізген. Комиссия шешімімен қызметкер «теріс себептермен» ішкі істер органдарынан шығарылды. 

Басқа жауапты лауазымды тұлғаларға қатысты да қызметтік тексеру басталған

Comments