Лавров Путиннің сенімін ақтамады – БАҚ

995
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Qlr90QHgP4EKSeWOaRMxAYBJXz2pUmlLlPlmFTel.webp

Карикатура dw арнасының сайтынан алынды

Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров президент Владимир Путиннің сенімінен айырылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы The Moscow Times басылымына сілтеп.

Ақпаратқа сәйкес, Лавров Ресей Қауіпсіздік кеңесінің 5 қарашада өткен отырысына қатыспаған және G20 саммитінде ресейлік делегацияға да жетекшілік етпейтін болыпты. Басылым дерегінше, оның жиынға қатыспауы іс жүзінде қызметіндегі беделінің төмендегенін көрсетеді.

«Путин мен АҚШ президенті Дональд Трамптың кездесуінің болмауына Лавровтың АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубиомен сәтсіз өткен келіссөзі себеп болған», – деп жазады The Moscow Times.

Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың мәліметінше, G20 саммитінде Ресей делегациясын енді президент әкімшілігі басшысының орынбасары Максим Орешкин басқарады.

Айта кетейік, АҚШ және Ресей басшыларының кездесуі өтпей қалғаннан кейін АҚШ «Роснефть» және «Лукойл» компанияларына жаңа санкциялар енгізген.

Comments