Көктайғақтың салдарынан көлік қоршауға «қадалып» қалды

454
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/e8Qv5F7ZVDit85D02vFDpWU8EvONMn95Y3yAS5KO.webp

Өскемен маңындағы Белоусовка аулында Mazda автокөлігінің жүргізушісі көктайғақ жолда рөлге ие бола алмай, жеке үйдің қоршауына соғылды, деп хабарлайды «Адырна».

ШҚО полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға 6 қараша күні болған.

«Жүргізушіге «Жол қозғалысына қатысушыларға қойылатын өзге де талаптарды бұзу» бабы бойынша шара қолданылып, ескерту берілді.
Үй иелерінің жүргізушіге еш шағымы жоқ», деп мәлімдеді полиция.

Comments