Өскемен маңындағы Белоусовка аулында Mazda автокөлігінің жүргізушісі көктайғақ жолда рөлге ие бола алмай, жеке үйдің қоршауына соғылды, деп хабарлайды «Адырна».
ШҚО полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға 6 қараша күні болған.
«Жүргізушіге «Жол қозғалысына қатысушыларға қойылатын өзге де талаптарды бұзу» бабы бойынша шара қолданылып, ескерту берілді.
Үй иелерінің жүргізушіге еш шағымы жоқ», деп мәлімдеді полиция.