"Қайрат" пен "Интер" арасындағы матч. Жанкүйерлер төбелескен

821
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/4fzAqoTSCVzNxZh90DmKtEurnghFrei0HU4hgi2W.png

Миландағы әйгілі «Сан-Сиро» стадионында өткен Чемпиондар лигасының «Интер» мен алматылық «Қайрат» арасындағы ойында жанкүйерлер арасында төбелес шықты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Куәгерлердің айтуынша, қақтығыс «Интер» жанкүйерлерінің қазақстандық жанкүйерлер отырған секторға қарай балағат сөздер айтып, қолайсыз қимылдар көрсетуінен басталған.

Бұған жауап ретінде екі тарап арасында сөз таласы туындап, кейін ол төбелеске ұласқан.

Оқиға екінші тайм кезінде болған. Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбаларда бірнеше адамның төбелесіп жатқан сәті және басқа көрермендердің қақтығыстан қашып, қауіпсіз аймаққа кетіп жатқан сәті байқалады.

Стадионның қауіпсіздік қызметі мен полиция қызметкерлері жағдайға жедел араласып, төбелесті тоқтатқан. 

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау жұмыстары жүргізілуде.

Comments