Тыңшылық қаупіне байланысты. Израиль қытайлық көліктерді тәркілей бастады

1089
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/5kPp75R9m4pM4zxo2zkZa1uNbLkwbpmcJPwfHrEk.png

Израильде армия офицерлерінің пайдалануындағы қытайлық қызметтік көліктерді тәркілеу басталды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Israel News агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл шешім қауіпсіздік қызметтері жүргізген тексерістен кейін қабылданған. Тексеру нәтижесінде кейбір қытайлық автокөліктің кіріктірілген жүйелері әскери қызметкерлерді аңду және құпия деректерді жинау үшін пайдаланылуы мүмкін екені анықталған.

«Мәселе тек камера мен микрофонда емес. Қазіргі көліктерде жабық операциялық жүйе мен сымсыз байланыс бар. Ол жақын маңдағы нысандардан барлау деректерін жинай алады»,- деп түсіндірді журналистерге Израильдің бұрынғы жоғары лауазымды офицері.

Көліктерді тәркілеу кезең-кезеңімен жүзеге аспақ. Процесс 2026 жылдың бірінші тоқсанының соңына дейін аяқталады деп жоспарланып отыр.

Израиль әскерилерінің бағалауынша, шамамен 700 көлік тәркіленеді. Олардың көпшілігі — Chery маркалы жеті орынды автомобильдер.

Comments